Студенттермен кездесу өткізілді
Мұғалжар аудандық соты кеңсесінің бас маманы Шекенова А.А. жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде «Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» тақырыбында өткізілген кездесуге қатысты.
Шараға ауданның құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оқытушылар және колледж студенттері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – құқықтық мәдениет деңгейін көтеруге, құқықтық тәртіпті нығайтуға, студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге және жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жандандыру болып табылады.
Шекенова А.А. әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың негізгі ережелерін түсіндіріп, кәмелетке толмағандар тарапынан болатын құқық бұзушылықтар үшін кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы, сонымен қатар, құқық бұзушылық пен қылмыстар жөнінде айтып өтті.
Кездесуді қорытындылай келе, құқық қорғау органдарының өкілдері еліміздің болашағы үшін өсіп-өніп келе жатқан ұрпақтың мәдени және құқықтық тәрбие деңгейін арттыру керектігін атап өтті.
Мұғалжар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова
[xfvalue_img]