ЖАМБЫЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР «ЖАСӨСПІРІМ-ЗАҢ -ҚАУІПСІЗДІК» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
2019 жылдың ақпан айының 11-15 аралығында Жамбыл аудандық полиция бөлімінде «Жасөспірім-Заң -Қауіпсіздік» акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясын аудандық полиция қызметкерлері, білім бөлімі, бұқаралық баспасөз құралдарының өкілдері, жасы кәмелетке толмағандар, арнайы есепте тұратын жасөспірімдер және есепте тұрған жайсыз отбасылар балалары қатысты.
Жасөспірім – Заң - Қауіпсіздік» акциясы барысында аудан көлеміндегі барлық мектептерде жолда жүру ережелері сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Жамбыл АПБ қызметкерлерінің жұмыс орындары мен кезекші бөлімінің жұмысы таныстырылды.
Жамбылс облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]