Ашық сот жүйесі – азаматтармен тиімді кері байланыс орнату

Ашық сот жүйесі – азаматтармен тиімді кері байланыс орнату

2019 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ең алғашқы Жолдауы жарияланған болатын. Мемлекет басшысының халыққа үндеуінде бірқатар саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, мәдени мәселелер қозғалды. Жолдауда мемлекет басшысы халықпен тиімді кері байланыс орнатудың маңыздылығына ерекше мән бере отырып, қоғамдық диолог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік орган қызметінің негізгі басымдығы болып саналатынын ерекше атап өткен. 

Соңғы уақытта Жо­ғар­ғы Сот жүргізіп жатқан сот жүйесін цифрландыру жұмы­­сының қарқыны көңілге қуа­­ныш ұялатады.

Сот жүйесінің электрондық іс жүргізу тәсілі «Төрелік» жүйесіне көшуі сот жұмысының ашықтығын, халыққа қолжетімділігін жетілдіру болып табылады. Бүгінгі күні ғаламтормен «Сот кабинеті» сервис қызметі арқылы үйде отырып-ақ сотқа тапсыратын құжаттарды жөнелтуге мүмкіндік бар. Әрбір азамат ғаламтор және электрондық қолтаңбаға қол жеткізсе болды, «сотпен кедергісіз араласуға» кең мүмкіндіктер ашылады. Яғни кез келген азамат сот отырыстарының барысымен, сот материалдарымен танысуға, талап арыздарды беруге, төленген мемлекеттік баж салығын онлайн режимде қадағалауға т.б. қол жеткізеді. Ашық сот жүйесіндегі кері байланыс іске қатысушы тараптарды смс-хабарлау, іс бойынша шығарылған сот актісін өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберу арқылы да қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, сот істері бойынша сот отырысының хаттамалары дыбыс-бейнежазбалары арқылы жазылады.

Сот отырыстарын қашықтықтан мобильді бейне конференц-байланысы арқылы өткізу мүмкіндігі тағы да бар. Аталған қызмет халықтың шығынын азайтып, сот отырыстарын кейінге қалдырмай, шұғыл түрде қарауға мүмкіндік туғызады.

Сот жүйесін ашық ету бойынша айтарлықтай жұмыс әлі де өз жалғасын табуда. Соның бірі судьялардың азаматтармен кері байланыс орнату мақсатында «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы сот жүйесіне қатысты мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға жедел түрде жауап беру арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсатта республиканың әр соттарында БАҚ-пен байланысты үйлестіретін судьялар тағайындалған, олар осыдан басқа соттарда болып жатқан жаңалықтармен бөліседі, азаматтардың, адвокат пен заңгерлер қауымының заңи сұрақтар бойынша ой-пікірлерін, ұсыныстарын  ескеру үшін «әлеуметтік алаңды» қолданатыны тағы да бар.

 

 

  Мөлдір Әсембаева 

Нұр-Сұлтан қаласы

Алматы аудандық сотының судьясы                                

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.