Мұғалжар аудандық сотының төрағасы Мемлекет Басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді
Мұғалжар аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев Билер кеңесі жанындағы татуластыру орталығында тұрғындармен кездесу өткізіп, Президент Жолдауын іске асырудағы сот-құқықтық жүйесінің міндеттерін түсіндірді.
Абитхан Анарбаев тұрғындарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелеріне тоқталып, өз сөзінде Мемлекет Басшысының аталған Жолдауында саяси, экономикалық және әлеуметтік сұрақтармен бірге азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарына да ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, сот төрағасы еңбек дауларын алдын-алу, татуласу рәсімдері, Билер Кеңесінің қызметі, отбасылық қатынастарындағы даулар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мәселелеріне тоқталып кетті.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, Мемлекет басшысының жолдауын қолдайтындығын жеткізді.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының бас маманы А.Шекенова
[xfvalue_img]
24 пікір