Халықпен тиімді кері байланыс орнату.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жариялады. Бұл жолғы жолдау "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деп аталды.
Саяси жүйенің бұл формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі саналады.
Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екенін атап өтті мемлекет басшысы.
Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажеттігіне көз жеткізілді.
Жолдауда маңыздылардың бірі, ол халықпен тиімді кері байланыс орнату қажеттігі де аталып өтті.
Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады деп атап өтті Президент. Президент Әкімшілігінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды. Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін анықталды. Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылданатыны айтылды.
Әрине азаматтар өздерінің өмірде тудырып отырған мәселемен әғни өздерінің құқықтарын қалай қорғау, туындаған қиыншылықтар бойынша кімге жүгіну және т.б. сұрақтар бойынша жүгінеді. Қазіргі таңда сот жүйесінде соттың ашықтығы, халыққа жақын болу, дер кезінде проблемаларын шешу бойынша көмек көрсету, қоғамдық қарым-қатынасты ұлғайту сияқты негізгі басымдықтарды жетілдіруде және алдағы уақытта жоғары деңгейге жеткізу мақсатын іске асыруда.
Халық мемлекетке сеніп отыр, ал мемлекет болса осы сенімді ақтауға парыз, сот жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер яғни халықпен кері байланысты орнатуды жоғары деңгейге көтеру бірінші және соңғы емес қадамдар. Осымен тоқтамай аталған жұмыстар алдағы уақытта жалғаспақ.
Жамбыл облысы
Жуалы аудандық сотының
кеңсесінің жетекші маманы
Айгуль Тобабергенова
[xfvalue_img]
18 пікір