Отбасылық кеңесті құру бойынша дөңгелек үстел өтті
Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында отбасылық дауларды реттеу үшін әкімдік жанынан отбасылық кеңестерді құру мәселесін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара аудандық соттың төрағасы А.Муканов, судья Ж.Кунаева, Мұғалжар аудандық прокурорының орынбасары Г.Ермагамбетов, адвокаттар, медиаторлар, Жем қаласының әкімі Ж.Бисенов, Ембі қаласы әкімідігінің және Мұғалжар аудандық қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің өкілдері, сот мамандарының қатысуымен өткізілді.
Дөңгелек үстел өткізу барысында сот төрағасы А.Мұқанов статистикалық мәліметке тоқталып, аудандық сотпен 2019 жыл басынан бүгінге дейін көп қаралған санаттар: шарттық міндеттемелер-95 іс, неке және отбасылық қатынастардан туындайтын санат бойынша-41 іс қаралғанын атап көрсетті. Кеңес жұмысының ажырасуға ниет еткен ерлі-зайыптыларды татуластыруға және отбасындағы дау-жанжалдарды азайтуға, отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді, - деп толықтырды.
Отбасын сақтауға бағытталған іс-шаралар, отбасылық кеңестің қызметі шеңберінде туындайтын сұрақтар талқыланды. Нәтижесінде Жем қаласының әкімі мен Ембі қаласы әкімдігінің өкілі отбасылық кеңес орталықтарын құруды қолдады.
[xfvalue_img]
10 пікір