Тіл-білімнің кілті
Тілдер мерекесі қарсаңында Ембі қалалық кітапханасында Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен "Тіл-білімнің кілті" атты дөңгелек үстел болып өтті.
Іс-шара басында кітапхана директоры Елбасы бастамасымен қолға алынып жатқан үш тұғырлы тілдің, "Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру" мақаласының маңыздылығын айқындап, оның еліміз үшін болашаққа деген үлкен сенімді қадамымыз екенін айта өтті. Шара барысында аудандық сот судьясы Жарқынай Кунаева заң саласы бойынша сот процесіндегі тілдің қолданылуын баяндап, тіл заңдары бойынша заңгерлік кеңес беріп өтсе, Мұғалжар аудандық прокуратурасының прокуроры Сұлтан Сәрсенғали тіліміздің шығу тарихын, әсіресе латын қарпінің бұрынғы жағдайымен таныстырып кетті.
Аталған дөңгелек үстелге кітапхана ұжымы және де аудандық сот мамандары қатысты.
[xfvalue_img]
19 пікір