Мұғалжар аудандық сотында заңға қылмыстық саясатты жетілдіру бойынша енгізілген өзгерістер дөңгелек үстелде талқыланды
Мұғалжар аудандық сотында «Қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша жаңа өзгерістер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға сот төрағасы, судьялар, Мұғалжар аудандық прокуратурасының, Қандыағаш көлік прокуратурасының, ішкі істер органдарының және пробация бөлімінің өкілдері қатысты.
Өз сөзінде сот төрағасы А.Т.Анарбаев аталған шараның мақсаты қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша жаңа өзгерістерді талқылау, сонымен қатар құқық қолдану тәжірибесінде жаңа нормаларды қолданысқа енгізу кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу болып табылатынын атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында прокурор А.Арыкбаев заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан шараларға, қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша жаңа нормалардың ерекшеліктеріне тоқталып өтті және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, бұл жұмыстар ҚР Бас Прокуратурасының белсенді қатысуымен жүргізіліп жатырғанын айтты.
Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушыларға қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістерді тәжірибеде қолдану ұсынылды
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының № 2 соты
[xfvalue_img]