Сотқа дейінгі тергеудің сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды
Батыс Қазақстан облысы бойынша полиция Департаментінде Батыс Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының, прокуратура, полиция Департаменті, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро Департаменті, мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі өкілдері қатысты.Дөңгелек үстел барысында сотқа дейінгі тергеудің сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Шара модераторы облыстық соттың төрағасы Бек Әметов басқосуды ашып беріп, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталып өтті.
Әрі қарай «Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына ауыстыру туралы өтінішхаттардың сапасын арттыру.ҚПК-тің 106 бабы бойынша шағымдарды қарау тәжірибесі » тақырыбында Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Н.Ғұбашев, «Сотқа дейінгі тергеудің проблемалық мәселелері» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары А.Цуранков және «Тергеу және анықтау құрылымдық бөлімдерінде қылмыстық істерді тергеудің сапасы төмендігінің негізгі мәселелері» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы бойынша полиция Департаменті Тергеу басқармасының бастығы Ш.Абдраманов, «Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жиі орын алатын қылмыстық процестік заңнаманы бұзушылықтар» тақырыбында Орал қалалық сотының судьясы Р.Жұмағұлов, баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар күн тәртібіндегі проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасты.Дөңгелек үстелдің жұмысын қортытындылай келе, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов тергеу және анықтаудың негізгі мақсаты қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктінің, айыпталушының құқықтарын қатаң сақтай отырып, жәбірленушілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болып табылады, бұл үшін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қатаң сақтау керектігін және сонымен бірге, жасаған қылмысқа тиісті жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету қажет екендігін атап өтті.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]