Колледж студенттері Мұғалжар аудандық сотына келді
Жастар жылы аясында, Мұғалжар аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев жергілікті колледж студенттері үшін «Ашық есік күнін» өткізіп, студенттерге отандық сот жүйесінің, қазақ билер сотының тарихы, олардың рөлін, татуластыру рәсімдерінің артықшылықтарын түсіндірді.
Сот төрағасы «Отбасылық сот», «Виртуалды сот», «Түнгі сот», «Еңбек дауларының және жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың алдын-алу» пилоттық жобалары, сот жүйесінің жетістіктері, мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы, сот жүйесінде қолданылып жатқан ақпараттық сервистер туралы айтып өтті.
Төраға кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын ескертіп, заңнамада құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершіліктер туралы атап өтті.
Шара соңында колледж студенттері сот отырысы залдарын аралап, сот кеңсесінің жұмысымен танысты.
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы Анар Шекенова
[xfvalue_img]