Колледж студенттеріне ашық есік күні.
Іс шара мемлекет Басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде ұйымдастырылды.
Аталған іс шараға №16 колледжінің студенттері және психолог М.Асанова, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Р.Бекбаев қатысты. Студенттермен кездесуді сот кеңсесінің меңгерушісі Д.Байназаров өткізді.
Кездесудің мақсаты студенттерді соттың жұмысымен таныстыру. Әр азаматтың алдында сот жүйесінің ашықтығының негізгі басымдықтары түсіндірілді, бұл мемлекеттің келешегі болатын өсіп келе жатқан жастарға да қатысты болып отыр.
Кеңсенің меңгерушісі студенттерге сот жүйесінің алдағы реформалары, бітімгершілік процедураларының дамуы, заң үстемдігінің принциптерінің іске асырылуы бойынша нақты ақпарат берді.
Экскурсия барысында студенттер медиация кабинеті мен сот отырысы залдарын көріп шығып, сотта енгізілген ІТ-технологияларымен, сот процестерінің мобильдік қосымшалар мен бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізу мүмкіншіліктерімен таныстырылды.
Кездесу барысында, көргеннен жақсы әсер алған студенттердің сұрақтарына толық жауап қайтарылды.
Аталған кездесулер өсіп келе жатқан жастардың санасында келешекте қызметті таңдауды қалыптастыруға ықпал етуге ынталандырады.
Іс шара соңында кеңсе меңгерушісі студенттерге оқуда сәттілік тіледі.
Жуалы аудандық сотының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
20 пікір