Мұғалжар аудандық сотында еңбек дауларының алдын алу бойынша семинар өтті
Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Еңбек дауларының және жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың алдын алу» пилоттық жобасы тұрғысында «Еңбек дауларының алдын алу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға аудандық білім бөлімі және аудандық орталық аурухана мемлекеттік мекемелерінің заңгерлері қатысты.
Қатысушылар қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауына қатысты туындаған мәселелерді талқылады, сонымен қатар еңбек туралы заңнаманы қолдану, жеке еңбек, ұжымдық келісім шарттардың талаптарын орындау туралы, еңбек дауын орган немесе сотқа шешу үшін қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында бұрын реттелмеген мәселелерді реттейтінін, сондай – ақ медиация рәсімін жасау арқылы еңбек дауларын шешудің жолдарын талқылады.
Семинар соңыңда қатысушылар өз ой-пікірлерімен алмасты.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты
[xfvalue_img]