Бітімгершілік қанымызда бар

Бітімгершілік қанымызда бар

 Қазақтың қанында бар бітімгершілікті дамыту бағытында қазір кешенді шаралар қолға алынып жатыр. Қазақстандық соттардың осы сауапты істерге ұйытқы болып отырғанын біреу білсе, біреу біле қоймас. Өйткені медиацияның не екенін, оның мақсат-міндетін азаматтар тек сотқа келгенде біліп, танысуда.

Дегенмен өз тарихын білетін, жандарға бітімгершілік, билер шешімі дейтін сөздер жат емес. Бір рулы елді дүрліктірген дауға бір ауыз сөзімен нүкте қойған билердің беделі, білгірлігі, пәрменділгі бүгінде бізге аңыз секілді. Алайда, сөздің қадірін білген, құдыретін мойындаған қазақтың бәтуалы сөзге тоқтағанына тарихта мысалдар көп. Егер осы дала заңының жағымды тұстарын үзіп алмай, заманауи жетістіктермен толықтырып отырған болсақ біздің елімізде бүгінгідей даулар, сот жүктемесі көп болмас еді. Көнеден келе жатқан құқықтық дәтүрімізден біз бас тартқанымызбен, бітімгершіліктің ізгі амалы, татулықты, сыйластықты сақтаудың кепілі екенін дамыған елдердің бәрі әлдеқашан мойындап қойған. Мойындады дегеніміз бергі жағы, өркениетті елдер бітімгершілікті бүкіл даулардың басым бөлігін тиімді шешудің құралына айналдырған. Медиация деп атау таққан бітімгершілік үрдісі Америка Құрама Штаттарындағы даулардың 80 пайызында қолданылады. Оларда медиаторға мәселесін айтып, бітімге келтірушіден көмек сұрау қалыпты жағдайға айналған. Біздің елімізде де «Медиация туралы» заңның қабылдануына шетелдік соттардағы оң нәтижелер түрткі болған еді.

Елімізде соңғы жылдары сот жүктемесінің өскені, азаматтардың арыз-шағымдарының көбейгені ешкімге құпия емес. Олардың бәрін сот арқылы сапалы қарау да қиындық тудырады. Ал, медиация осы түйткілдерді шешудің тиімді құралы. Бүгінде кәсіби медиаторлар санының көбеюі, медиация кабинеттерінің ашылып, судья-медиаторлардың жұмысқа кірісуі бітімгершілікке қатысты азаматтардың көзқарасын өзгерті, татуластырушылар қатарын өсіргені анық.

 

Аида Ханзалиева

Орал қаласының №2 сотының бас маманы

Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.