«Азаматтардың билерге жүгінуі әлдеқайда ұтымды қадам»

«Азаматтардың билерге жүгінуі әлдеқайда ұтымды қадам»

 

Жуалы ауданында билер кеңесі құрылғалы бері олардың 42 мүшесі қазіргі таңда ауылдарда дауларды шешуде өздерінің терең ақыл-ойлығымен тұрғындардың сенімін алып жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

         Неге тұрғындар осы билерге жүгінуді жөн көріп жатыр деген сұрақтар туындайды?!

         Өйткені қазіргі таңда екі дауласушы жақтың бірі сотқа арызын берген кезінде, шешім шыққанның өзінде екінші жақтан өзінің қарызын осы соттың шешімімен өндіріп алуы қиынға түседі.  

         Оның бір себебі қарыз болған азамат жағдайының төмендігіне байланысты тез арада қарызын өтеп беруге мүмкіндігі жетпейді, ал егер бірінші жақ билерге жолықса ол өзінің қарызын толығымен өтеп алуға мүмкіншілігі бар. Ол қалай?

         Мысалы, билер өздерінің ақыл – ойлығымен арызданушы жақтың ашуын басып оған қарызын өндіріп алудың тиімді жолын ұсынады, сонымен қатар дауды сотқа дейін жеткізбеу үшін екінші жаққа арызданушының қарызын толығымен қайтаруға мүмкіншілік береді, оған тиімді жағдайы жетерлік уақыт беруге тырысады, яғни қарызын 3-4 айдың ішінде бөліп беру керектігін ұсынады. Бірінші жақ өзінің қарызын сотқа дейін бітімгершілік келісім арқылы толығымен өндіре алатынын біліп келіседі. Соңында екі тарап та өздерінің мақсаттарына жетіп дау осымен тыйылады.

         Атам заманда ата – бабаларымыз дауларды осы құрметті қариялардан құралған билердің арқасында шешіп отырған, біз осыны ұмытып кеткенбіз, алайда қазіргі таңда тарихи салт-дәстүріміз қайтадан жандандырылуда.

         Медиация - билер сотынан бастау алатын құқықтық институт.

         Қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүние жүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді.

         Ұлтымыздың өзіне тән осындай құқықтық мәдениеті, оның халық алдындағы беделі мен рөлінің жоғары болуына билер сіңірген өлшеусіз еңбекті барлық қырынан танып білу қажет.  

         Қазақтыӊ билері әділ шешімдерімен елді аузына қаратып, дауласқан екі тараптыӊ да көӊілінен шығатын жүйелі билігімен ел құрметіне бөленгендігін айту қажет.

        Билер даулы мәселелерді қарау кезінде барынша ашықтық принципті басшылыққа алып, тараптардыӊ мүмкіндігі нешектеу қоймай, екі жақты бітістіруге күш салған.

        Билер сотқа дейін татуласу – даукестіктің деңгейін төмендете отырып, дауларды бейбіт келісім арқылы тиімді шешуді қолға алады. Араздасқан азаматтарды сотқа дейін бітімге келтіреді, дауласқан тараптарды мәмілеге келтіріп жүйелі сөзге тоқтатады. Келісу мәдениетінің маңызын арттырады.

      Татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі.

       Халыққа мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндік беріліп жатыр, бітімгершілік бүгінгі күнде дауларды, қақтығыстарды сотқа дейін шешудегі өте дұрыс жолдың бірі екенін тұрғындар білу керек.

        Азаматтардың сотқа дейін бітімгершілікке келуіне аудандық сот, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі қолдау жасайды.

        

Иманалиев Берік.

Жуалы аудандық сотының кеңсе меңгерушісінің м.а.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.