Тіл мәртебесі – ел мерейі
Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны әрі ары.
Тіл – ұлттың болмысын айқындуаушы да халықты біріктіруші де құрал. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген қөзқарас шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»,-деген болатын. Және күні кеше алғашқы жолдауын жасаған жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатынын атап өтті.
Ата Заңымыздың 7-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілі – ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады делінген. Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі.
Туған тілдің абыройын асқақтату әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жаңс ұрпағын парасатты да, білімді, іскер де, қабілетті, отансүйгіш те, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Мемлекеттік тілді құрметтеу – Қазақстан азаматтарының міндеті болып саналады. Мемлекеттік тілді менсінбеушілік, сыйламаушылы және оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін басқа да іс-әрекет жасаған азаматтар мен ұйымдар мемлекеттік мекемелер заң бойынша жауапқа тартылады.
Заманында ұлт жанашары А.Байтұрсынов: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» - деген екен. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны һәм айнасы. Тіл мәселесі – бір адамның ғана емес, барша қазақ ұлтының мәселесі.
Ғалам көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатырғанда мемлекеттік тілмен қатар шет елдердің де тілін жете меңгеру әр қазақстандықтың күн тәртібіндегі мәселе болғаны абзал. «Өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтесек», тіліміздің мәртебесін асыруды әрбір жан мықтап қолға алса, еліміз гүлденіп, Отанымыздың іргесі берік болатыны ақиқат.
А.Рысқалиева
Жаңақала аудандық сот кесесінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]
20 пікір