Әрбір қазақтың ана тілін білуі - парыз, білмегені - ұят

Әрбір қазақтың ана тілін білуі - парыз, білмегені - ұят

Бұл өмірде аз күн қонақ болармыз,

Мүмкін елу, мүмкін жүз жыл салармыз

Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,

Құрметтейік келгенінше шамамыз!

                                          

Мемлекеттік тіл - Тәуелсіз елдің негізгі  рәміздерінің бірі. Кез-келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де   мемлекетіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі- қазақ тілі, ал орыс тілі- ресми тіл және  мемлекеттік  тілмен бірдей қолданылады» деп айтылған. Біз Конституция  талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.

Тіл-адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл- ұлт пен ұлтты жақындастыратын  өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады.Қазіргі таңда,еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» аты  Жолдауында: «Тілге деген көзқарас- шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз.  Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз.Қазақ тілі жаппай  қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді «Қазақ мемлекеті»деп атайтын боламыз»- деген болатын. Мемлекеттік тіл- тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасн қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы -тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл-халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі. Отбасы өзіміз де, Отанымыз-Қазақстан! Қазақ тілі- тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл-ортақ тіліміз.Қазақстанда тұратын, оны «Отаным» деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай «Қазақстаның болашағы- қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді- ұлтымызды, отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!

 

Астана қалалық сотының

құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының

бас маманы - сот отырысының хатшысы                      

Бағжан  Смағұлова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.