Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парыз

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парыз

 

Қазіргі таңдағы күрделі мəселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың белең алып, ұрпақ тəрбиесіне зиян əкелетіні бəрімізді алаңдатады. Бұл мəселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына үлкен зиянын тигізеді. Яғни, жемқорлықпен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мəселе екені айқын.

Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю жəне ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы барлық мемлекеттік органдарының жұмыс барысында аса маңызды құжат екені айқын. Мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды тетігі болып отырған барлық салаларда да сыбайлас жемқорлықпен күрес басым бағыт ретінде белгіленуі тиіс жəне солай жасалып та отыр. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Олар: қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі – азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып – парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Қазіргі уақытта еліміздегі барлық салаларда заңдар заман талабына икемделіп, кəсіпкерлердің республика аймағында еркін əрі ашық түрде жұмыс атқаруына қолайлы жағдай туғызылып отыр. Мемлекеттік қызметкерлер бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса көңіл аударып отыр. Осы жағдайлармен күрестің тиімді нəтижесінде қызметтік органдарда жемқорлық құқық бұзушылықтарды бұлтартпау жəне оны болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды жандандыруда. Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды əрбір азамат өзінен бастаған жөн деп есептеймін.

 

Толқын Бисембаева

Орал қаласының №2 соты кеңсесінің жетекші маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.