Сыбайлас жемқорлықпен күресу
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мағынасына тоқталсақ, «сыбайлас-жемқорлық» деген «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінігі жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу», яғни құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.
Қазақстан Кеңестер одағы кеңістігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады, бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – еліміздегі азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық, деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, тиісті шаралар қолданып отырғаны мәлім. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқат шаралар жайында бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы жариалануда.
Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.
Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», - деген болатын. Өз жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, қандай да болмасын адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары.
Бұл мақсатта Есіл ауданының №2 аудандық сотында құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жоспары әзірленіп, оған сай жоспралы және жоспардан тыс тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Соттың барлық қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етуде. Бұған қоса сот қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы бағытталған «дөңгелек үстел» отырыстары, құқықтық оқулар, семинар сабақтары және тағы да басқа іс-шаралар өткізілуде.
Алдағы уақытта бұл бағытта тиісті шаралар жалғасын табады.
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының бас маманы Салтанат Кенжегарина
[xfvalue_img]
19 пікір