Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес
Орал қаласының №2 және Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соттарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сот жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша семинар өткізілді.
Кеңсе меңгерушісі Руслан Демеуов бұл жұмыс саласы бүгінгі қоғамдағы басымдықтардың бірі және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты жолы – ашықтық пен жариялылық екенін атап өтті.
Өз кезегінде, тиісті органның өкілі Ерқанат Ерланұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етіп, мемлекеттік ұйымдардағы әрбір қызметкер республиканың заңдарын басшылыққа алуға және жемқорлық әрекеттерге қарсы тұра алуға міндетті екені туралы айтып өтті.
Іс-шара сонында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталған фактілер туралы бейнежазбасы баршаның назарына ұсынылды.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]
20 пікір