Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 және Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соттарында сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтың алдын алу және сот жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша семинар өткізілді.
Орал қаласы №2 сотының төрағасы Азамат Борамбаев бұл жұмыс саласы бүгінгі қоғамдағы басымдықтардың бірі және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты жолы – ашықтық пен жариялылық екенін атап өтті.
Өз кезегінде, тиісті органның өкілі Біржан Хайруллин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етіп, мемлекеттік ұйымдардағы әрбір қызметкер республиканың заңдарын басшылыққа алуға және жемқорлық әрекеттерге қарсы тұра алуға міндетті екені туралы айтып өтті.
Іс-шара сонында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталған фактілер туралы бейнежазбасы баршаның назарына ұсынылды.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]