Ювеналдық сотта балалармен жұмыс істеуде «Құм терапиясы» қолданылады
Отбасылық сот жобасын жүзеге асыру мақсатында, БҚО мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотының психологы балалармен жұмыс жасаудың басқа әдістерімен бірге «құм терапиясы» әдіснамасын қолданады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот психологы Салтанат Жапақованың айтуынша, құмды терапия баланың психоэмоционалды жағдайын анықтауда артықшылығы бар, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты диагностикалауға және жақсартуға мүмкіндік береді.
Бұл әдіс байланыс тәртібін және балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы дауларды шешу кезінде психологиялық көмек көрсету үшін пайдаланылады.
Ж.Утегенова
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]
31 пікір