Оралда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрағасы Слуқаным Қадралиева және «Шанс» кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қолдау көрсету орталығының өкілі Зауреш Қуатова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат отбасын қорғауға бағытталған және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ынтымақтастық шеңберінде бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған.
Меморандумға қол қою барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрағасы С.Кадралиева осы салада жұмыс істейтін барлық органдар мен ұйымдар арасындағы концептуалды өзара іс-қимылсыз балалардың мүдделерін қорғау, отбасы және отбасылық құндылықтарды нығайту мүмкін емес және бұл мақсаттарды тиімді жүзеге асыру үшін бірлескен күш қажет екендігін атап өтті.
Тараптар кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаудың жоқтығын және құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстарды бірлесіп атқаруға мүдделілікті білдірді. Балалар үшін қолайлы тұрмыстық жағдай жасау, әлеуметтік-құқықтық және психологиялық көмек көрсету, тәрбие-профилактикалық жұмыстарды жақсарту, қылмыстық-құқықтық сипаттағы жазалар мен шараларды жүзеге асыру кезінде оңалту тәсілдерін қолдану, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жасөспірімдердің, сондай-ақ, олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүзеге асыру жөнінде келісімге келді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]