Татуласу орталығында кездесу
Отбасылық сот жобасын аясында БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ана үйі» Қоғамдық қоры және БҚО татуластыру орталығының қатысуымен психолог медиаторлар мен бірлесе отырып бала тәрбиесіне,бала дауына қатысты дауласып жатқан тараптардың қатысуымен кездесу өткізілді. Аталған шараға қорғаншылық қамқоршылық органдарының өкілдері де қатысты.
ҚҚ «Ана үйінің» психологі Науанова Альфия «Балалардың жарақаты , түсіністік және орындау қақтығысы» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты ата-аналары ажырасқанан кейінгі балалардағы пайда болатын ішкі жарақатының салдарын білуге бағытталды..
Тренинг барысында әр түрлі рөлдік ойындар, жаттығулар және ойын жағдайлары қолданылды. Ажырасу мүмкін емес жағдайларда баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы шешім қабылдауда , сонымен бірге бөлек тұратын ата-ананың баламен қарым –қатынас тәртібін анықтауда ата-аналардың іс-қимыл стратегиясы егжей-тегжейлі талқыланды. Оқыту барысында практикалық қарым –қатынас дағдылыры дамып, түрлі презентация материалдары қолданылды. Шараға қатысушылар ұсынылған ақпаратқа аса жоғары қызуғушылықтарын білдірді, бұл әрекеттер ажырасқанан кейінгі ата-аналардың арасындағы қалыпты әрі дұрыс қарым-қатынас орнату үшін аса үлкен көмегін тигізері анық.
Семинар соңында қатысушылар психолог пен медиаторлардың тегін кеңестерін алды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты- отбасылық дауларды шешу барысында кәмелетке толмаған балалардың мүдделері үшін дауды бейбіт жолмен шешу болып табылады.
Ж.Утегенова
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]