Кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарғаны үшін жаза тағайындалды
ҚР Конституциясының 27 бабының 2 тармағына сәйкес балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-аналардың міндеті болып табылады.
Бала құқықтарының конвенциясының 27 бабына сәйкес әрбір бала ақыл-ойын,физикалық және рухани тұрғыдан дамуына толықтай құқылы.
Заңның осы талаптарына қарамастан алимент төлеу мәселесі өзекті түрде жалғасуда. Алимент төлеушілердің көпшілігі алимент төлеуде және бала тәрбиесімен айналысуда жауапты болып келе бермейді.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2019 жылдың 10 қыркүйегінде азамат С-ға қатысты ҚР ҚК-нің 139 бабымен қозғалған қылмысытық іс қаралды.
Істі қарау барысында кәмелетке толмаған екі баланы асырау үшін ай сайынғы жалақысының 1/3 бөлігінде балалар кәмелет жасқа толғанға дейін алимент төлеу туралы сот бұйрығы шығарылғаны анықталды. Алайда, сотталушы С. оларды төлеуден жалтарып, қарызды өтеу бойынша шаралар қолданбаған, жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа мұқтаж адам ретінде жүгінбеген және жұмыссыз ретінде тіркелмеген. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 139 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотталушымен жәбірленушінің арасындағы дау жәбірленушінің өз арызын алып, өзара келісім бекітіліп, сотталушы ай сайынғы жалақысынан алимент төлеу туралы келісуіне байланысты қысқартылған.
Содай-ақ, сотталушы С. өзінің міндеттерін орындамай, алимент төлеуден жалтаруының әсерінен оның қарызы 2019 жылдың шілде айына дейін 3 672 364 теңге көлеміне дейін жеткен.
БҚО кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы С. ҚР ҚК-нің 139 бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, оның кәмелетке толмаған балаларының бар екендігін ескеріле отырып, оның кінәсін ауырлататын мән-жайлардың болмауына байланысты жаза ретінде 1 жылға бас бостандығын шектеп, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын органдарда еңбек етуі туралы жаза тағайындалды.
Ж.Утегенова
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]