Сот төрағасы «Астана» радиосында сұхбат берді
Астана қаласының кәмелетке томағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әлқожаев Қыдырбек Қорғанбекұлы «Астана» радиосының «Әділет әлемі» хабарының шығарылымында «әкелікті таныту және алимент өндіру» деген тақырыпта сұхбат берді.
Радио-эфир барысында төраға Қазақстанда некесіз туылған балалар санының көбею үрдісін атап өтті. Әкелікті анықтау, алимент өндіру, баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы бала тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.
Әлқожаев Қ. отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау, жастарды қолдау бойынша мемлекетпен шаралар қарастырылған атап өтті.
Астана қаласының кәмелетке томағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]