Сот мамандарының еңбек тәртібі

Сот мамандарының еңбек тәртібі

 

Еңбек бәрін жеңбек демекші. Еңбек адамды жігерлендіреді. Еңбек еткен адам ғана мол табысқа, зор байлыққа қол жеткізе алады. Ал жалқау адам бәрінен мақрұм қалады.

Еңбек тәртібі дегеніміз ол қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттелігін білдіретін құқықтық категория. Сот мамандары ең бастысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметті туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» және «этикалық» заңдарын жұмыс уақытында және жұмыстан тіс кезінде де  сақтауы тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметті туралы заңның 4-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:

1) заңдылық;

2) қазақстандық патриотизм;

3) мемлекеттiк биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;

4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;

5) мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;

6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы;

7) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;

8) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi;

9) меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету;

10) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төмен тұрған мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;

11) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;

12) мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;

13) әдептілік;

14) құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;

15) мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

16) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;

17) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу;

18) мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;

19) мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;

20) мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы қағидаттарына негізделеді.

Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық өкілеттіктерiн атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.

Сот мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін  сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.

Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесi, сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.

  Сот мамандары қарапайым, жұмысына тиянақты болулары тиіс.

 

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Г.К.Сулеева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.