Алкогольдік және есірткілік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды
Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.
Көрсетілген талаптарды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен қарастырылған жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Ағымдағы жылда Мұғалжар аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) 75 құқық бұзушыға әкімшілік жаза тағайындалған, оның ішінде 73 құқық бұзушы алкогольдік масаң күйде, ал 2 құқық бұзушы есірткілік масаң күйде болған.
Мұғалжар аудандық сотының аға сот приставы Б.Баимбетов
[xfvalue_img]
34 пікір