Құқық бұзушыбес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды
Әйтеке би аудандық сотында құқық бұзушы Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) бойынша әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Ж. 2017 жылдың 10 тамыз күні сағат 17.00-дың шамасында, маркасы «ВАЗ 21074» автокөлігін арақ ішкен мас күйінде басқарып, Комсомол ауылы Абылайхан көшесі бойында сол жағынан келе жатқан маркасы «Opel Vectra» автокөлігіне және оң жағынан келе жатқан маркасы «Ssang Yong Actyon Sports» автокөлігіне жол бермей, Абылайхан көшесіне солға қарай бұрылып және көліктермен соқтығысып, ҚР ЖҚЕ 2.4.2, 8.3 тармақтарын бұзғаны анықталған.
Соттың қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалық жаршысы газетінің тілшісі Е.Әбдіраев
[xfvalue_img]