Облыс соттарының 2019 жылдың І жартыжылдық  жұмысы қорытындыланды

Облыс соттарының 2019 жылдың І жартыжылдық жұмысы қорытындыланды

 

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2019 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыруда атқарған жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген жиын өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Нұрлан Сұлтанов, облыстық соттың төрағасы Бек Әметов, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, БҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы қатысты.                  

Жиын барысында 2019 жылдың І жартыжылдығы бойынша облыс соттары жұмысының қорытындылары Батыс Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген соттардың арасында өткізілген «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі» конкурсының нәтижелері жария етілді. Аталған конкурс қорытындысы бойынша «Үздік шешім» номинациясының жеңімпазы Орал қаласының №2 сотының судьясы Сәкен Нахипов, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» номинациясының жеңімпазы Казталов аудандық сотының төрағасы Райбек Хайрбеков, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісін түсіндіру» номинациясының жеңімпазы Орал қалалық сотының судьясы Руслан Жұмағұлов, «Ең үздік татуластырушы» номинациясы бойынша жеңімпаз Орал қаласының №2 сотының судьясы Әлібек Нұрғалиев, «Ең үздік татуластырушы сот» номинациясы бойынша Казталов ауданының №2 аудандық соты жеңімпаздар деп танылып, марапатталды.

Бұдан әрі Батыс Қазақстан облыстық соттарының 2019 жылдың І жартыжылдығындағы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау нәтижелері туралы алқа төрағалары Ақан Жұмағұлов пен Қайрат Адранов баяндама жасады. Олар  бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот төрелігін жүзеге асырудағы сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпарат берді.

Спикерлер кездесуде сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту бойынша алдағы жұмыстың бірқатар негізгі міндеттерін, судьялардың кәсіптік деңгейін көтеру және жалпы сот жүйесін жетілдіру жайында сөз қозғады.

Жиында аталған мәселелермен қатар, судья әдебі комиссиясы, судьялардың іс-әрекеттеріне түскен шағымдар мен арыздарды қараудың жай-күйі, БАҚ-пен атқарылған жұмыс және БҚО бойынша соттар Әкімшісінің атқарған жұмысы туралы баяндалып, мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде, Жоғарғы Сотының судьясы Нұрлан Сұлтанов  сот жүйесінде өткен жартыжылдығы қабылданған жаңа реформалармен айшықталғанын, соның нәтижесінде соттар қызметі бұрынғыдан да ашық бола түскенін  атап өтті.  

Жиын соңында облыстық сот төрағасы Бек Әметов жоғарыда аталған мәселелермен қатар, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы айтып, шараны қорытындылады.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.