Оралда сандық медиация порталының үздік медиаторлары құрметке ие болды

Оралда сандық медиация порталының үздік медиаторлары құрметке ие болды

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыс медиаторларының байқауы қорытындыланды. Іс-шараға облыстың судьялары, медиаторлар, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ сарапшысы Талшин Италиева, «Медиация орталығының» басшысы, тренер-медиатор Жанділдә Жақыпов қатысты.Конкурс «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ БҚО медиацияны дамытуға бағытталған аймақтық жобаларды қолдау менмедиация институтын насихаттау мақсатында облыстық сот және сандық медиация порталын әзірлеуші «Logitex» ЖШС–мен ұйымдастырылды. Байқау сандық медиация порталында тіркелген медиаторлар арасында өтті, 10 медиатор конкурсқа қатысуға өтінім берді.Облыстық сот төрағасы Бек Аметов іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып, бітімгерлік рәсімдерді және сотқа дейінгі дауды шешу институттарын одан әрі дамыту сот жұмысының басым бағыты екенінатап өтті. Облыстық әкімдіктің қолдауымен облыстық сотпен www.mzko.kzБҚО-ның электрондық сандық медиация порталы іске қосылды.Портал «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бөлігі болып табылады және аймақтағы медиацияны дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған. Қызмет тұрғындарға медиаторға онлайн-өтінім беру, оны тіркеу және медиатордың деректерін мен қабылдау уақытын қамтитын хабарламамен түбіртек беру қызметтерін ұсынады. «Бүгін біз жылдың қорытындысы бойынша үш номинацияда үздік көрсеткіштермен көзге түскен медиаторлардың қызметін атап өткізіміз келеді», - деді Б.Әметов.

            «Дауларды шешудің үздік рейтингі» номинациясында Батыс Қазақстан облысының медиаторлар одағының төрағасы Алуа Рахишеваның қызметі атап өтілді. «Халық таңдауы» номинациясы (медиатор туралы ең жақсы пікір) Рада Хайрушеваға табысталды. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының кәсіби медиаторы Зауреш Шатикова «Медиаторларға өтінімдер бойынша үздік рейтингі» номинациясында жеңімпаз атанды.

Облыстық соттың төрағасы Б.Аметов «Logitex» ЖШС-і компаниясының атынан жеңімпаздарға ақша сертификаттарын табыс етті.

Бұдан басқа, Анар Абдугалиева және Сәуле Мұқанова сынды медиаторлар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

42 пікір

  1. аватар
    Shavonne 31 октября 2026 01:47

    Understanding how Pay ID compares to other common methods helps you decide when to use it and
    when something else might make more sense — particularly for large online casino
    PayID withdrawal requests or players who want higher limits
    than standard PayID rails offer. Pay ID is not the only way to fund an account at casinos with PayID,
    but in 2026 it is often the most practical choice for Australian players across both payid pokies real money sessions and table game play.

    Every casino on this list supports Australian dollars as a native
    currency across all payid pokies real money activity. The aussie PayID
    casinos that understand and support that mixed-method pattern are simply easier to live with across a full account lifecycle rather than just at the point of first deposit.

  2. аватар
    Hazel 31 октября 2026 04:17

    Die Lizenz ist kein Marketingsiegel – sie bedeutet echte staatliche Kontrolle, regelmäßige Prüfungen und einen rechtlichen Rahmen, der den Spieler schützt.
    Bitcoin und andere Kryptowährungen sind technisch am flottesten, aber im deutschen Markt
    längst nicht überall verfügbar. International, breit, mit
    Big Time Gaming, Yggdrasil, Evolution und Games Global im
    Angebot.

    References: forum.mindfulnessmeditationprograms.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.