Облыстық сотта азаматтық-құқықтық тақырыптар бойынша семинар өтті.

Облыстық сотта азаматтық-құқықтық тақырыптар бойынша семинар өтті.

Батыс Қазақстан облыстық сотында азаматтық-құқықтық тақырыпқа арналған семинар өткізілді.

Басқосуды облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Тұрсын Оразова ашып беріп, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді айтып өтті.

Семинарға азаматтық істер бойынша сот алқасының судьялары, сондай-ақ  аудандық және оған теңестірілген сот  судьялары қатысты.

Орал қаласының №2 сотының  судьяcы Ф.Сапарова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы (банктік заем шарттары бойынша тараптардың мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету) тақырыбында баяндама жасады.

Өз кезегінде ол өз баяндамасының тақырыбын жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Л.Корсакова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы (мемлекеттiк қажеттілік үшiн жер учаскелерiн алу кезiнде тең өтемақы үшiн жағдайлар жасайтын түзетулер) тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, семинар барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының сот жүктемесін оңтайландыруға бағытталған түзетулер, сот орындаушыларының қаулыларын сотпен санкциялаудың азаюы, салық заңнамасы саласындағы құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұлдардың көлемін ұлғайту бойынша түзетулер, халықаралық актілер негізінде «Төрелік туралы» заңды жетілдіру, құқыққолдану тәжірибесіндегі мәселелерді жоюға бағытталған өзгертулер сынды мәселелер бойынша Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған экономикалық соты, Орал қаласының №2 соты мен Орал қаласының әкімшілік сотының судьялары баяндамаларын оқыды.

Әрбір оқылған баяндамаларды қатысушылар талқылап, сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.             

Шара соңында қатысушылармен проблемалық  мәселелер талқыланып, семинар қорытындыланды.

 

 Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.