Орал қаласы әкімдігінде Билер кеңесі мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті
Орал қаласы әкімдігінде Билер кеңесі мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті.
Жиынға облыстық соттың төрағасы Б.Әметов, азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Қ.Адранов, билер кеңесі бойынша үйлестіруші судья Е.Боранбаев, мамандандырылған ауданаралық соттар төрағалары, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің құрылымдық бөлім басшылары мен кент әкімдері және әкімдік жанындағы округтерден сайланған билері қатысты.
Жиында сотқа дейінгі татуласу мәселесін жетілдіру, «Билер кеңесі» ережесін түсіндіру және әрі қарай жұмыстану бағыттары, билер кеңесінің еңгізілу мақсаттары туралы мәселелер талқыланды.
Шара барысында қатысушылар билер кеңесінің маңызы, атқаратын міндеттері баяндалған бейнероликті тамашалады.
Облыстық сот төрағасы Б.Әметов өз сөзінде билер кеңесі туралы ереженің бекітілуі билер кеңесінің өкілеттігін реттеп, мәртебе беретіндігін және сондай–ақ, ереже бекітіліп қана қоймай атқарылатын жұмыстардың нәтиженің де болуы қажет екендігін атап өтті. Сонымен қатар, даулардың басым көпшілігі қалада қаралатындықтан билер кеңесінің жұмысы тек ауылдық, аудандық деңгейде ғана емес, қала көлемінде де жүргізілуі керектігін айтып, жергілікті атқарушы органдардың оған атсалысуларын сұрады.
Шара соңында Зашаған, Круглоозерный және Желаев ауылдық округтерінен сайланған билер құрамы таныстырылды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]