Теректі ауданында билер Кеңесі құрылатын болады.
Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Есенбай Боранбаев Теректі ауданы әкімінің қатысуымен өткен ауданда Билер кеңесін құру мәселесі бойынша кездесуге қатысты.Іс-шараға ауылдық округ әкімдері, медиаторлар, прокуратура, полиция, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.Іс-шара барысында Е. Боранбаев қатысушыларды Билер Кеңесі туралы Ережемен таныстырды, кеңестің жұмысын ұйымдастыруды және Билердің негізгі міндеттерін түсіндірді. Олардың ішінде, соттар мен құқық қорғау органдарына тұрғындармен бірлесіп жұмыс жасауда болуы ықтимал жанжалдардың барлық түрлерінің алдын алудағы көрсетілетін көмекті атап өту керек. Өскелең жас ұрпаққа салт-дәстүрлерін, отбасылық құндылықтарын және патриоттық тәрбиені насихаттау. Сондай-ақ, облыс бойынша сотқа дейін билердің қатысуымен реттелген даулар саны туралы статистикалық деректер келтірілді. Облыстың 12 ауданының 10-да билер Кеңесі құрылып, 95 ауылдық округте 20-дан астам даулар шешілген. Қатысушылардың назарына Кеңес жұмысы туралы бейнеролик ұсынылды.Аудандық прокурор Равиль Мажитов, ауданының құрметті азаматы Ерғали Бекетов, еңбек ардагерлері Тілектес Ашықов, Құрманғазы Жаленов сынды азаматтар өзге округтерде де би кеңесін құру туралы идеяны белсенді қолдады.Кездесу қорытындысы бойынша Теректі ауданында билер Кеңесін құру бойынша ұсынымдар жасалды, жауапты тұлғалар мен мерзімдері анықталды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]