Билер кеңесі отбасыны ажырасудан сақтап қалды
Мұғалжар ауданында Татуластыру орталығының жанындағы Билер кеңесі неке-отбасы дауын қарады.
Дауды қарауға билер кеңесінің төрағасы А.Ш.Адаев, аудандық азаматтық хал актілерін жазба органының мамандары мен психолог қатысты.
Ерлі-зайыптылар отбасында жанжалдар орын алып тұратынын, ауызбіршіліктің жоқтығын айтып Билер кеңесінің көмегіне жүгінді. Психологтың көмегімен өткізілген әңгімелесулердің нәтижесінде дауласқан ерлі-зайыптылар өзара келісімге келіп, осылайша Билер кеңесі сотқа жүгінудің алдын алып қана қоймай, отбасыны сақтап қалды.
Билер кеңестерінің мүшелері өзінің өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, тараптарды татуластыру жолымен күрделілігі әр түрлі деңгейдегі жанжалдарды, оның ішінде отбасы дауларын шешуге де көмектеседі. Даулардың түпкілікті шешілуі жанжалдасқан тараптардың бір-біріне деген жағымсыз сезімдері мен реніштерінің қалмауы билер кеңестері жұмыстарының бірегейлігін айқындайды.
А.Шекенова
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының бас маманы
[xfvalue_img]
22 пікір