Астанада Сотқа дейінгі татуласу орталығы ашылды

Астанада Сотқа дейінгі татуласу орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында сот пен қала әкімдігінің бірлесе әрекет етуімен Татуласу орталығы ашылды. Жаңа мекеме дауларды сотқа дейін реттеу институтын жетілдіруге және жария етуге бағытталған.

Орталықты салтанатты түрде ашуға Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров, судьялар, Кәсіпкерлер палатасының, құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері кәсіподағының, ПИК-тің өкілдері қатысты.

«Сот практикасы көрсетіп отырғанындай, даулардың көпшілігі еңбек, неке-отбасы, тұрғын үй және залалды өтеу туралы болып отыр. Осындай жанжалдар сотқа жеткізілмей, сотқа дейін шешілуі мүмкін», - деп атап көрсетті Т. Бәрпібаев.

Н. Ахметзакиров Орталықтың ашылуын елорда тұрғындары үшін айтулы оқиға деп атады. Орталықтың әлеуметтік бағыты туралы айта келіп, ол мекеменің дауларды шешуді мақсат тұтып отырғанына тоқталды. Сонымен қатар, Елбасының медиация институтын жетілдіру бойынша міндеттер жүктеп отырғаны атап көрсетілді. «Кез келген адам осы жерде медиаторлардың қызметін тегін пайдалана алады. Орталық адамдардың түйткіл мәселелерін шешуде қазіргі заманғы технологияны қолдануда, ал халық соттарды аралап әуре болмай, өз мәселелерін шешуге мүмкіндік алады», -деді ол.

Орталықтың қызметі бір терезе қағидаты арқылы халыққа кешенді қызметтер көрсетуге негізделген. Мұнда соттарға балама ретінде медиациялық келісімдерді жасасу жөнінде халыққа кешенді қызмет көрсетілетін болады. Тараптарды татуластыру үшін барлық жағдайлар туғызылған.  Мұндағы қолайлы ахуал жарасымды әңгіме-дүкен құрып, өзара тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ал балалар үшін осы жерде ойын алаңы да ұйымдастырылған.

Бұл жерде өтініштің сипатын, даудың санатын, түйткіл мәселелерді реттеу тәсілдерін анықтаудан, медиаторларды таңдаудан бастап медиациялық келісім жасауға дейінгі тиісті көмек көрсетілетін болады. Сонымен қатар Орталық дауды ың-шыңсыз тез бітіруге, адамдардың мәселелерді шешудегі мәдениетін арттыруға, моральдық және материалдық ауыртпалықты, қоғам ішіндегі құқық бұзушылықтар мен жанжалды жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді.

 

Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.