Маңғыстауда судьялар мен зиялы қауым өкілдері бітімгерлік рәсімін дамыту мәселелерін талқылады

Маңғыстауда судьялар мен зиялы қауым өкілдері бітімгерлік рәсімін дамыту мәселелерін талқылады

«Ел ішінде дау көбейсе, ел сыртында жау көбейеді» тақырыбындағы кездесу «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын жүзеге асыру аясында өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен, Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Нұрсапа Примашев, судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, «Бірлесе даму» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қорының президенті Нұргүл Қарағойшина, облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов, ардагерлер кеңесінің төрағалары, мәслихат депутаттары мен меценаттар, басқарма басшылары, ақындар, тарихшылар мен ғылыми қызметкерлер, ҮЕҰ мен  БАҚ өкілдері қатысты.

Бітімгерлік рәсімін кеңінен насихаттау туралы айта келе, С.Сүлеймен соттар заң шеңберінде тараптармен процессуалдық емес қатынасқа түсе алмайтындықтан, оларға тек татуласуға мерзім берумен шектелетінін түсіндірді. Оның айтуынша, дауласушы тараптарға дауды сотқа дейін реттеу үшін ақсақалдардың, медиаторлардың, кәсіби психологтардың және жастар саясатымен айналысатын ұйымдардың жүйелі көмектері қажет. С.Сүлеймен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының негізгі аспектілерімен таныстырып, Маңғыстауда сотқа түскен арыздар мен істердің саны екі есе артқанын, облыстың  әрбір бесінші адамы дауға қатысып отырғанын атап өтті. «Осы орайда дауларды соттан тыс шешуге арналған алаң ретінде республика бойынша қайта құрылып жатқан Татуласу орталықтарының маңызы зор. Жаңа бастаманың нәтижесінде азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы даулар жылдам шешіледі деп сенеміз», - деді С.Сүлеймен.

Алқалы жиында сөз алған Н.Примашев облыстық сотта сот жүйесін жетілдіру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылғанын, олардың бір тобы «Татуласу: сотқа дейін, сотта» атты бағыт бойынша жұмыс жасайтынын атап айтты. Оның мәлімдеуінше, облыс соттарында отбасылық, еңбек, тұрғын үй даулары өте көп қаралуда.

Қоғам өкілдері кездесу барысында медияцияны кеңінен таратуға қатысты оң пікірлерін білдіріп, осы бағыттағы жұмысты жандандыра түсуге өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша қоғамда дауды азайту жұмыстарына сәйкес ұсыныстар келтірілді.

 Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.