«Ертегілер әлеміне саяхат»
Облыстық соттың төрағасы Р.Мырзакәрімнің бастамасымен Жамбыл облысының Ювеналды соты 1 маусым күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ шаңырағында аталған орталықтың, Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатның, Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп-интернатының, «Соқыр және нашар көретін балаларға арналған облыстық «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының, Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебінің тәрбиеленушілеріне арнап «Ертегілер әлеміне саяхат» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
Балаларды төл мерекесімен құттықтауға Жамбыл облыстық сотының қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағалары Нурмухаммат Абидов, Жомарт Рүстембеков, облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, облыс прокурорының орынбасары Бағлан Телеу, қала прокуроры Елдос Әмірхан, «Казфосфат» ЖШС-нің бас директоры Мұқаш Ескендіров, облыстың судьялары, облыс және қала әкімдіктерінің, сондай-ақ БАҚ өкідері келді.
Өзінің құттықтау сөзінде Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Абидов «Балаларды қорғау күні» - бұл балалардың өздері үшін көңілді мерекесі ғана емес, сонымен қатар, барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және бала құқығын қорғау, болашақта олардың өз елінің өте тамаша азаматтары мен ата-аналары болатындығын айтып өтті.
Өз сөзінде «Бүкіл әлемде 1 маусым – «Халықаралық Балалар күні» болып саналады, ал біздің елімізде «Балаларды қорғау күні» деп аталады. Яғни, әрбір баланың балалық шағының, өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтарының, денсаулықтары мен өмірлерінің әрдайым қорғалуы тиіс» - деп ерекше айтып өтті алқа төрағасы.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ербол Дүйсенбаев балаларды мерекемен құттықтап, оларға қуаныш және зор денсаулық тілеп, педагогтар мен тәрбиешілерге балаларға әрдайым жылылық пен мейірімділік сыйлайтындары үшін алғыс білдірді.
Бағдарлама аясында балалар қонақтарға музыкалық қойылымдар көрсетіп, өлеңдер оқып, билерін тарту етті.
Сондай-ақ, мерекелік кеш барысында балалар арасында футбол, арқан тарту, қол күрес, дойбы, асық ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу секілді спорт түрлерінен жарыстар өтті.
Мереке жарқын, қуанышты әрі қызыты өтті.
Сонымен қатар, келген қонақтар балалардың өмір сүру жағдайларымен, олардың оқудан бос уақыттарын қалай өткізетіндігімен және білім беру үрдісімен танысты.
Мерекелік кеште балалар сыйлықтар алудан да шет қалған жоқ. Барлық балалар дамытушылық ойындарға қанық боп, сыйлық ретінде спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Мерекелік кештен кейін балалар Жамбыл облыстық орыс-драма театры тегін ұсынған балалар спектаклін көруге жіберілді.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамамндандырылған ауданаралық сотының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір