«Біз - тәуелсіз елдің балаларымыз!» атты қайырымдылық концерт өткізілді
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.М.Мырзакәрімнің қолдауымен Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Біз - тәуелсіз елдің балаларымыз!» атты қайырылымдық концерті ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы», «Облыстық жасөспірімдер үйі», «Ақыл ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернаты», «Үміт», «Болашақ» және «Мейірім» мектеп-интернаттарының жетім балалары, қамқорсыз қалған балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.
Іс-шараның мақсаты: Тараз қаласы тұрғындарының әлеуметтік белсенділігін арттыру, балалардың өмірлеріне және олардың әлеуметтік нәтижелеріне азаматтардың назарын аудару болып табылады. Іс-шараның барысында ювеналдық соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев, 6 жыл бойы Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына қайырымдылық шаралар мен концерттер ұйымдастырылып, яғни бұндай іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналғанын айтты. Сонымен қатар, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатынын және қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғанымен жаралы болғандарға жәрдем беру ізгі қасиеттердің бірі екендігін атап өтті.
Балалардың жарқын өнерлері вокалдық, би, сахналық жанырдағы қойылымдары жылы әрі әсерлі махаббат пен өмірге толы болды.
Іс-шара соңында мектеп-интернаттарының басшылары ұйымдастырушыларға қолдау және көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.
Қайырылымдық концертінен түскен қаражатқа қатысушы мектеп - интернаттарына құнды сыйлықтар табыс етілді.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]