Сотқа дейінгі қақтығыстарды Билердің қатысуымен шешу.
Жуалы аудандық сотында «Қақтығыстарды сотқа дейінгі тергеу барысында шешу» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс шараға соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев, прокурор Н.Хусаинов, аудандық ішкі істер бөлімі басшысының тергеу бойынша орынбасары Е.Момынов, Төбе би А.Дүрәліұлы, аудан Билері С.Токбергенов, М.Рахметов, А.Ш.Майбалаева, С.Ә.Медетбек және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс шараны аша отырып соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев, құқыққорғау органдарының өкілдеріне Билермен бірге дауларды сотқа дейінгі шешудің көрсеткіштерін жоғарылатуға қатысты тапсырмасын белгіледі. Аталған жиынның маңыздылығын атап өтіп, соттың төрағасы бүгінгі таңда мемлекеттің негізгі міндеті болып отырған сотқа дейінгі бітімгершілікке келтіру, қаралып жатқан ауырлығы онша ауыр емес және орташа деңгейдегі қылмыстық істерді төмендету негізінде тергеушілердің Билермен өзара әрекеттесуін жоғарылатудың алдағы мақсаттарын түсіндіре отырып, бітімгершілікпен шешілуге мүмкіндігі бар қозғалған істер бойынша Билермен бірге негізгі міндеттерді әзірлеу керектігін атап өтті.
Прокурор Н.Хуасинов сот төрағасының көзқарастарын қолдап, аталған тақырып шеңберінде тергеумен сотқа дейінгі бітімгершілікті жоғарылату бойынша жұмыстарына қатысты жоспарын атап өтті.
Өз кезегінде, аудандық ішкі істер бөлімі басшысының тергеу бойынша орынбасары Е.Момынов, сотқа дейінгі дауларды шешу бойынша Билер кеңесі мүшелерінің ұсыныстарын тыңдап, Билерге бітімгершілікпен шешілуге мүмкіндігі бар қозғалған ауырлығы онша ауыр емес және орташа деңгейдегі қылмыстық істердің мәліметтерін тұрақты түрде беріп тұруды және сотқа дейінгі шешілген даулардың көрсеткіштерін жоғарылататынын атап өтті.
Билер өздірінің тарапынан сотқа дейінгі шешілген негізінен азаматтық даулар бойынша есеп беріп, құқыққорғау органдары тарапының қадамдарын жоғары бағалап, аталған мәселе бойынша алдағы жұмыс барысында өзара әрекеттесуді мақсат етті.
Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы жұмысқа оң бағыт алды.
Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]