Билер Кеңесінің мүшелерімен кезекті кездесу.
Жуалы аудандық сотында «Билер Кеңесінің» мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған отырысқа соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев, судьялар А.А.Замбаев, Б.Жамалбекұлы, билер кеңесінің мүшелері А.Дүрәліұлы, С.Токбергенов, А.Ш.Майбалаева, С.Ә.Медетбек, С.Байсеріков, Ш.Искаков, медиаторлар М.Рахметов, М.Нұрпейсов және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс шараны аша отырып соттың төрағасы билер кеңесінің мүшелерімен дауларды сотқа дейінгі реттеу көрсеткіштерін жоғарылату мәселесіне қатысты сұрақты қозғады. Аталған мәселе бүгінгі таңда ҚР Жоғарғы Сотының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Сонымен қатар, соттың төрағасы билерді Жамбыл облыстық cоты мен «Ардагерлер Ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумымен таныстырды. Аталған Меморандумда дау-дамайларды сотқа дейінгі реттеу бағыттары бойынша өзара ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары көрсетілген. Аталған меморандум шеңберінде сот төрағасы билер кеңесінің мүшелеріне қысқа мерзімде медиация кабинетінде кезекшілік кестесін жасауды ұсынды, аталған кестеге сәйкес билер жақтар бойынша туындаған дауларды сотқа дейін реттеуге ықпал етеді, бұл бір жағынан соттың жүктемесін төмендетеді, екінші жағынан билерге қатысты халық сенімін арттырады.
Билер кеңесінің мүшелері аталған ұсынысты бірауыздан қолдап, өздерінің аталған Меморандумда көрсетілген әр тармағының орындалуына дайындықтарын білдіріп дауларды сотқа дейінгі реттеуді жоғарылатуға ұмтылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша іс шараға қатысушылар Меморандум шеңберінде әрі қарай ынтымақтастыққа бейімделді.
Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]