ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ ТУЫНДАҒАНДА ҚАНДАЙ ШАРА ҚАБЫЛДАҒАН ЖӨН?

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ ТУЫНДАҒАНДА ҚАНДАЙ ШАРА ҚАБЫЛДАҒАН ЖӨН?

Кез-келген жұмыскердің еңбек құқығы ҚР Конституциясында, Еңбек Кодексінде қарастырылған.

Бүгінде сотқа келіп түсетін арыздардың басым көпшілігі заңсыз жұмыстан босату, жалақыны уақытында алмау, жұмысқа қайта орналасумен байланысты.

Бірінші кезекте жұмыс беруші тарапынан жұмыскердің құқықтарына қайшы олқылықтар орын алған жағдайда, ол мемлекеттік еңбек инспекторына жүгіне алады. Мемлекеттік еңбек инспекторы өз кезегінде жұмыс берушімен нұсқама негізінде жұмыс жасап, жұмыскердің бұзылған құқықтарының қалпына келуіне ықпал етеді. 

Сондай-ақ, жұмыскер еңбек дауын жұмыс берушімен ортақ келісімге келу арқылы шешуіне де болады. 

Ал осы еңбек дауларының алдын алу, еңбек заңнамасы мен жұмыскердің құқықтарының бұзылмауының алдын алу бойынша қандай шаралар жүріп жатыр?

Бүгінде еңбек дауларының алдын алу мақсатында ҚР Жоғарғы Сотының бастамасымен бірқатар азаматтық істер қарайтын елордалық соттарда арнайы пилоттық жоба жыл басынан бастап жұмыс жасап жатыр.

Жоба аясында қалалық сотта құзырлы органдармен кездесу өтіп, онда еңбек заңнамасының бұзылу салдары, олардың алдын алу шараларын көздейтін бағыт-бағдарлар айқындалды. 

Ортақ жұмыс нәтижесінде, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инпекторының, заңгерлер мен медиаторлардың ықпал етуімен мыңға жуық жұмыскердің жалақыны уақытында ала алмау жөніндегі даулары реттеліп, оларға тиесілі 45 миллионнан астам берешек сомасы қайтарылды. 

Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық істер қарайтын соттарында еңбек дауларына қатысты 437 іс қаралған болса, оның 69-ы бойынша даулы мәселе екі тараптың ортақ медиативтік келісімге келуі арқылы шешілген. 

Бүгінгі күнге дейін тек Байқоңыр аудандық сотында еңбек дауына байланысты 85 іс қаралған болса, оның 34 іс бойынша жұмыскердің пайдасына шешім шығарылып, 20-сы жұмыс беруші мен жұмыскердің татуласуымен аяқталды. 

Бұдан бөлек, кәсіптік одақтар тұрақты түрде жалақы төлемей отырған, жұмыстан босатылған уақытта берілетін төлемді кешіктіріп отырған, еңбек шартын уақытында рәсімдемеген, еңбек демалысын бермей жүрген жұмыс берушілермен апта сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қала прокуратурасы ұжымдық шарттармен байланысты туындайтын даулар бойынша ірі мекемелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Аталған жұмыстардың жүргізілуі жұмыскерлердің бұзылған құқықтарының қалпына келуіне септігін тигізуде.

Еңбек дауларының сотқа жетпей реттелуі, даудың қаражат шығынысыз, қысқа мерзімде шешілуін көздейді.

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі де осында жатыр.

 

Нұр-Сұлтан қалалық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Ботагоз Баянова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив