Жеке еңбек дауларын қараудың тәртібі
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы.
Қазақстандағы еңбек қатынастарының қатысушылары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек кодексіне сондай-ақ жалпы қабылданған халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарға сәйкес өз құқықтары мен бостандықтарын кеңінен қолдана алады.
Конституциядағы ережелерді нақтылай отырып, еңбек кодексі оларды шешудің тәртібін ғана белгілеп қоймай, еңбек дауларының өзіне де тікелей түсінік береді.
Еңбек кодексінің 1-бабының 16) тармақшасына сәкйес еңбек дауы- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;
Көрсетілген белгілері бойынша жеке еңбек даулары деп, бұрын жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған, жұмыс берушімен және адамның арасындағы болған даулар, сонымен қатар, жұмыс берушімен еңбек шартын жасауға ниет білдіріп, ал жұмыс берушінің осындай шарт жасасудан бас тартқан жағдайда да танылады.
Еңбек қатынастарынан туындайтын істер бойынша, сот алдында құқық қорғау туралы мәселені талпкер қояды, көп жағдайларда бұл жұмыскер болып келеді.
Алайда азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде құқық қорғау мақсаты тек қана тараптарға ғана емес, іске қатысатын басқа да адамдарға қолданылады.
Қүқықты сот арқылы қорғау, ең алдымен, процестік болып табылады, өйткені тек қана заңмен белгіленген рәсімде қаралады, дауды шешу, қажет жағдайларда жоғары тұрған соттың сот шешімінің дұрыстығын және оның орындалуын тексеру, дау айтылған құқықты қорғауды қамтамасыз ету, басқадай тәртіпте қарауы мүмкін емес.
Сонымен қатар, оның материалдық-құқықтық аспектілері бар, өйткені қорғалуға бұзылған құқық және заңсыз дау айтылған құқықтар жатады. Заңды, негізделген шешім шығару үшін, даулы құқықтық қатынастарды, тараптардың субъективті материалдық сипаттарын дұрыс анықтау қажет.
Сот қорғауына жүгіне отырып, мүдделі адам материалдық құқықтың қорғалуын көздейді, бірақ осы құқықтың болуын, оның бұзылу және дау айту фактілерін процестік құқықтары берілген дауды сотта шешуге берілген қатысушылардың жарыспалы процесс жағдайында дәлелдеу қажет. Оның іске асырылуын сот ісін жүргізудің сол не басқа субъектісіне қатысты дауды шешудің оң нәтижесіне ғана түйістірмеу керек.
Мәселен, егер талап қоюшы жауапкерге талап арызға қарсы құқықтарын қорғау үшін заңмен көзделген барлық құқық берілген жарыспалы процесс жағдайында, өзінің талаптарының заңдылықтарын дәлелдесе және ол сот шешімімен расталса, бұл жауапкердің сот қорғауына өз құқықтарын іске асырмады деген сөз емес. Ол тек оны іске асыру процесінде өзінің дұрыстығын дәлелдей алмаған және талап - арыздан қорғана отырып ұмтылған нәтижеге қол жеткізбеген деп түсіну қажет. Жеке еңбек дауларын сипаттайтын белгілердің жиынтықтары, ол 1) келіспеушілік жұмыс беруші мен нақты жұмыскер арасында еңбек қатынастары бойынша туындайды 2) осы тараптар арасында келіспеушілік, нақты жұмыскердің қатысуымен еңбек қатынастарын реттейтін, еңбек құқығының нормасын қолданумен байланысты 3) тікелей келіссөздер кезінде тиісті келіспеушілікті реттеуге мүмкін болмады 4) бұл келіспеушіліктер жеке еңбек дауларын қарау бойынша органға берілді. Жеке еңбек шарттарын қараудың және шешудің сот рәсімі талап қоюшының немесе жауапкердің жағында субъектілердің көп болуын жоққа шығармайды. Мысалы, бірнеше жұмыскер жұмыс берушіге бірлесіп, еңбек ақысын өндіріп алу туралы талап қоя алады, ал жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау кезінде келтірілген материалдық залалды өтеу туралы бірнеше жұмыскерге талап қоя алады. Өз кезегінде, сот бірнеше бірдей іс болған кезде, оларды бір іс жүргізуіне біріктіруге құқылы. Алайда, кикілжіңдердің осындай әрекеттері нәтижелерінде жұмысшы топтары мен жұмыс беруші арасындағы келіспеушілік ұжымдық еңбек дауы белгілеріне ие болмайтынын ескеру керек, өйткені олардың негізінде әр нақты жұмысшымен жеке еңбек шартының мазмұнына негізделген, жеке құқықтық қатынастар бар.
Соттың жеке еңбек дауларын шешуі жалпы юрисдикциядағы сот құзыреттеріне жатады. Жаңа еңбек кодексі-еңбек шарты тараптарының арасындағы туындаған келіспеушілікті шешудің сот қорғауы үшін міндетті алдын ала сотқа дейінгі тәртібін, ал нақты келісу комиссиясына жүгінуді көздейді. Еңбек құқығын қолдану бойынша туындаған кикілжіңді мұндай шешу тәсілі әрдайым ерекше болып табылады: күш пен қаражатты үнемдеумен қатар ол еңбек қатынастарының қатысушыларына серіктестікті сақтау үшін және осы мағынада жанжалды азайтуға мүмкіндік береді.
Келісу комиссиясы жұмыскер мен жұмыс беруші өкілдерінің саны тең ұйымдарда құрылған, ұдайы қызмет жасайтын орган болып табылады.
Келісу комиссиясының шешімі оған белгіленген мерзімде орындалуға жатады. Келісу комиссиясының шешімін белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.
Келісу комиссиясының тараптары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздеріне, еңбек даулары кезінде келіссөздер жүргізуге және консенсусқа қолжеткізуге үйрету бойынша жыл сайын келісу комиссияның мүшелеріне оқыту жүргізулері тиіс.
Астана қалалық сотының судьясы
Қасенов А.Е.
[xfvalue_img]
7 пікір