Мұғалжар аудандық сотында азаматтарды жеке қабылдау өтті
Бүгін тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Мұғалжар аудандық сотында кезекті азаматтарды жеке қабылдау өтті.
Аудан тұрғыны сот төрағасына талап қою арызын беру және азаматтық істі қарау тәртібі бойынша түсіндірме алу үшін жүгінді.
Сот төрағасы заңнама нормаларына сілтеме жасай отырып, толыққанды жауап берді.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі К.Килбаева
[xfvalue_img]