Мұғалжар аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді
Мұғалжар аудандық сотында азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» шарасы өткізді. Шараға сот төрағасының м.а. Ж.М.Сейтжапаров қатысты.
Шара барысында сот төрағасының м.а. Ж.М. Сейтжапаровқа аудан тұрғындары көкейтесті мәселелерімен, күнделікті өмірде кездесетін заң аясында шешілуге жататын сұрақтарымен жүгінді оның ішінде жеке меншік үйді сату, сатып алу мәселелері, жалпы үй мәселелері бойынша және заңды маңызы бар фактісін анықтау туралы сұрақтармен жүгінген.
Сот төрағасының м.а. Ж.М. Сейтжапаров аудан тұрғындарына аталған сұрақтарға байланысты әрекет ететін заңнаманың нормаларын түсіндіріп жан жақты, толыққанды жауап берілді.
Шара соңында аудан тұрғындары сот төрағасының м.а Ж.М.Сейтжапаровқа алғысын білдірді.
[xfvalue_img]