Мұғалжар аудандық сотының төрағасы азаматтардың қабылдауын өткізді
Мұғалжар аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Азаматтардың қабылдауы халыққа құқықтық көмек көрсету, сот жүйесіне деген сенімдерін арттыру, сондай-ақ сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.
Аудан тұрғындары сот төрағасына құқықтық сипаттағы өзекті мәселелерімен және талап арыз беруді және азаматтық істерді қарау тәртіптерін түсіндіру үшін жүгінген.
Сот төрағасы азаматтарды мазалаған сұрақтарға түпкілікті жауап берді.
[xfvalue_img]