Дауларды сотқа дейін реттеу – заман талабы

Дауларды сотқа дейін реттеу – заман талабы

Қандайда бір болмасын дамыған мемлекеттік жүйенің алғышарттарының бірі - тиімді жұмыс жасайтын сот жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ал сот жүйесінің жұмысы тиімді болуы үшін заманауи үрдістер көшінен қалмай, уақыт талабына сай реформалануы шарт. Осы тұрғыдан алғанда еліміздің сот жүйесі соңғы жылдары күрделі өзгерістерді бастан кешіруде.

Бүгінгі күні Қазақстанда және әлемнің барлық жетекші мемлекеттерінде дау-жанжалдарды шешудің аса маңызды және перспективалы рәсімдерінің бірі – ол дауларды сотқа дейін шешу болып табылады. Дауды сотқа дейін реттеу институты дауды сотпен шешуден бірқатар артықшылықтарға ие. Қазіргі қалыптасқан жағдай және шетелдік елдердің тәжірибесі дауларды шешудің сотқа дейінгі баламалы нысандарының, соның ішінде медиацияның артықшылықтарын дәлелдеп отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы бағыттарының бірі «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағыты бойынша, татуласу рәсімдерін одан әрі дамыту сот жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Сот инстанцияларында аса ауыр жүктеменің қалыптасуы заңнаманы қолданудаға қайшылықтарды шешуге қосымша ресурстарды енгізу қажеттілігін тудырды. Осындай жағдайларда медиация сотқа дейінгі дауларды реттеу нысаны ретінде сотқа дейін жанжалдарды шешудің ең оңтайлы нұсқасы деп айтуға толық негіз бар. Дауларды сотқа дейінгі реттеу институтының артықшылықтары барлық ғылыми мақалаларда жазылып, тәжірибеде өз дәлелін тапты.

Егер тереңірек қарастыратын болсақ, бұл сатыдағы медиацияны қолданудың үлкен пайда әкелетініне көз жеткіземіз. Атап айтар болсақ, іскерлік беделді сақтау және дауды реттеудің салыстырмалы түрде көп шығынсыз жүзеге асуы. Себебі, дауды сот өндірісі арқылы реттеу елеулі қаржылық шығындалуды қажет етеді.

Сотқа дейінгі реттеу кезінде мемлекеттік бажды төлеу қажеттілігі болмайды. Сонымен қатар, дауды сотқа дейін реттеу үшін жұмсалған уақыт сотқа жүгінуге кеткен уақыттан әлдейқайда аз болады. Медиация сияқты жанжалдарды шешу насанының басты тәсілдірінің бірі – делдал қатысуымен келіссөздер жүргізу. Медиацияның тәсілдері негізінен келіссізсөдер жүргізу арқылы даулы мәселені ынтымақтастық аясына аударып, екіжақты тиімді нәтижеге қол жеткізуге бағдарлаған.

Медиатор жанжалдасқан тараптар арасындағы өзара пікір алмасуын жеңілдетіп, олардың бір бірінің пікірлері мен уәждерін түсінуге жәрдемдесіп, тараптардың назарын олардың мүдделеріне аударып, тараптарға бірлесіп ортақ шешімге келулеріне мүмкіндік туғыза отырып, мәселенің оңды шешу жолдарын қарастырады. Медиация процессінде шешім қабылдау жауапкершілігі тараптарға жүктеледі, ол үшін олар істің нақты мәнісін анық біліп, дауды шешу жолдарын ұсынып, нәтижесінде түпкілікті шешім қабылдаулары тиіс.

Осылайша, шешім қабылдау міндеті мен жауапкершілігі толықтай тараптарға жүктеледі. Яғни, нақтырақ айтқанда мәселені шешу барысында қабылданған шешім - соттың мәжбүрлеп бекітіп берген шешімі емес, тараптардың өздерінің мүдделеріне сай келетін таңдауы болып табылады.

Сонымен қатар, медиация барысында тараптар дауды келіссізсөздер арқылы шешіп қана қоймай сондай-ақ өзара достық қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысады. Дауды реттеу барысында медиация рәсімін жүргізген кезде тараптар өзінің уәжін дұрыстығы дәлелдеуді немесе талабы мен қарсылығын негіздеуді емес, керісінше екі жақты қанағаттандыратын шешімге қол жеткізуді мақсат тұтады.

Қорытындылай келе, дауды сотқа дейін реттеу тараптар арасындағы дауды шешудің нәтижесі болып табылатынын атап өткіміз келеді. Мысалыға, дауды негізінен сот талқылауында қарау барысында тараптар өз уәждерін негіздеп, дәлелдей алмай қалуы қауіпі бар. Сонымен қатар, істің сотта қаралуы уақыт және қаржылық шығындармен байланысты болады. Сондықтан, жанжалды медиация арқылы сотқа дейін реттеу мәселені шешудің ең тиімді жолы екені сөзсіз.

 

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала аудандық сотының

төрағасы  Есжанов C.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.