АШУМЕН АЖЫРАСЫП, АҚЫЛМЕН ТАБЫСТЫ

АШУМЕН АЖЫРАСЫП, АҚЫЛМЕН ТАБЫСТЫ

Адам баласына тән асыл құндылықтарды айрықша бағалаған жөн. Ол салғырттықты, асығыстықты көтермейді. «Ашу алдынан, ақыл соңынан» деген бар.  Кейбіреулер ашу үстінде сотқа арыз беріп, кейін ақылға салып безбендей келе бастапқы ойларынан бас тартып, отбасын сақтап қалудың маңызды екенін кеш те болса түсініп жатады.

 Айталық отбасылық дау сотта қаралып, некенің ажыратылуы жөніндегі шешім шығып кетті делік. Бұл қателіктің заңдастырылып кеткені, бәрінің біткені емес. Кеш те болса ақылға келіп, ағаттықты түзетуге, отбасын сақтап қалуға қашан да жол ашық.

…Бұдан бес жыл бұрын Жәнібек пен Жайнагүлден бақыты жандар жоқ еді. Ендігі өмірлерін мәңгі бірге өткізуге серт байласты. Көңілдері жарасып отау құрды. Тату-тәтті тұрмыс кешіп, бес жылда үш перзент дүние есігін ашты. Жанұя болғасын ыдыс-аяқ шылдырламай тұрмайды дейді ғой. Кейде ондай да болды. Бірақ шектен шығатын, кешірілмейтін ештеңе жоқ еді. Мәселе кешегі жүрек қалауларына, үш перзенттерінің тағдырына тірелгенде екеуінің де қайтымы әзір тұратын. Жас отбасының ісіне, әсіресе қайын жұрт жағының араласуы кейде мәселені ушықтырып, үйдегі ұрыс-керістің басталуына себеп болып жатқан кездері де аз емес. Түсіністіктің тіні босаған кездерде қызғаныштың қызыл иті де бас көтеріп қалатын.  Кезекті алақұйын сәттердің бірінде жас келіншек қаладағы қайын жұртына тартып отырды. Отбасының сақталуын көксеп артынан жұбайының сабылғаны еш нәтиже бермеді. Жайнагүл ажырасу жөнінде сотқа арыз беріп тастаған.

Сот бұл отбасының тағдырына тым қатаң қарады. Жас жігіттің отбасын сақтап қалуға тырысқан әрекетіне, татуласуға заң шеңберінде жазбаша алты ай мұрсат сұрағанына да қарамастан  қалалық сот «Бірыңғай сот тәжірибесін» желеу етіп, арада бір ай өткеннен кейін отбасын ажырату жөнінде шешім қабылдап жіберген. Сөйтіп №2 Орал қалалық сотының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы шешімімен талапкер Жайнагүл Елекешованың талап арызы қанағаттандырылып, жұбайымен екеуінің арасындағы 18.07.2014 жылы тіркелген неке бұзылды.

Амалы құрыған азамат Батыс Қазақстан облыстық сотына шағынды. Ол өзінің апелляциялық шағымында араларында ортақ үш балаларының барын және келіспеушіліктер кездейсоқ себептерден болғанын, өзінің отбасын сақтап қалуға әрекеттеніп жүргенін айтып, қалалық сот шешімінің күшін жоюды сұрады.

Азаматтың айтқаны шындыққа сай болып шықты. Сот алқасының мәжілісі қарсаңында Жайнагүл де өз арызынан бас тартатындығы және азаматтық істі қысқартуды сұраған жазбаша арызы түсті. Жас жұбайлар өздерінің татуласқандарын мәлімдеп, сот шешімін бұзуды сұрады.

Екі жақтың түсініктемелерін тыңдап, іс материалдарын тексере келе Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы өзінің 2019 жылғы 20 наурыздағы  дыбысбейне жазу қондырғысын пайдалана отырып қараған ашық сот мәжілісінде №2 Орал қалалық соты шешімінің күші толықтай жойылып, Елекешевтер отбасын ажырату жөніндегі азаматтық іс бойынша сот өндірісі қысқартылды.  Істегі «Неке туралы» куәліктің түпнұсқасы талапкерге қайтарылып берілді.

Осыған ұқсас жағдай Әлмұхамбетовтер жанұясына қатысты орын алып, №2 Орал қалалық сотының  2018 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен жас жұбайлар арасындағы 9.12.2011 жылы тіркелген неке бұзылды. Бұлар да үш баланың ата-анасы. Данагүл ажырасуға бірден қарсы болды. Тіпті сотта да ажырасуға келісім бергісі келмеген. Бірақ ашу үстінде жаз дегесін келісімін жаза салған. Ал сот жас жұбайлардың татуласуларына заң шеңберінде уақыт бөлместен, бір айдан кейін некені  ажырату туралы шешім шығарып жіберген.

Данагүл кейін жағдайды ақылға салып, өзінің апелляциялық шағымында қалалық сотың шешімін бұзып, жаңадан шешім шығаруды талап етті. Бұл жолы апеллляциялық сот алқасы басталар алдында жұбайы Нұрхан сотқа жазбаша арыз беріп, екеуінің татуласқандықтарын, өзінің де ажырасудан бас тартатынын және іс өндірісін қысқартуды сұраған.

Екі жақтың уәждерін тыңдай келе және бастапқы талаптан бас тартудың заңға қайшы келмейтіндігін, әлдекімдердің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндігін ескере келе сот алқасы іс өндірісін қысқартуды қажет деп шешті.

Өмір, адам тағдыры аса күрделі, астарлары мен иірімдері тұңғиық құбылыс. Оның бірыңғай сот тәжірибесіне көнбейтін де қисындары болуы ықтимал. Қоғам, таным, құндылықтар өзгеріп жатыр. Күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан судья істі қараған кезде істерді қалыптасқан біріңғай қалыпқа сала бермей, оның астарларына жіті бойлап, оны адамгершілік, адамдық тұрғысынан әбден таразылағаны жөн. Некеден ажырату жөніндегі аталмыш істер соны аңғартады.

 

Қанатбаева Н.

БҚО бойынша Соттар Әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив