Маңғыстауда отбасылық сот құрудың маңыздылығы сараланды

Маңғыстауда отбасылық сот құрудың маңыздылығы сараланды

Маңғыстау облыстық сотында «Отбасылық соттардың сот жүйесіндегі орны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Нұрсапа Примашев, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, құқық қорғау органдары, адвокаттар, медиаторлар, облыстық білім басқармасының қызметкерлері мен  БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты, отбасылық соттардың шетелдік тәжірибелері және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық нормативтік актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сараланып, отбасы және бала тәрбиесі мәселесімен айналысатын мекемелер мен ұйымдардың дауларды сотқа дейін реттеудегі тәртібі, медиатор мен адвокаттардың  неке және отбасы заңнамасы саласында мамандануы туралы мәселелер кеңінен талқыланды.

Нұрсапа Примашев ҚР Жоғарғы Сотының бастамасына қолдау білдіре отырып, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының базасында «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыруды ұсынды. «Отбасылық сотта» ана мен баланың құқығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, баланың тұрғылықты орнын анықтау секілді істер қаралады. Ең бастысы мұнда істердің басым бөлігін медиативтік рәсіммен, яғни дауласушы тараптарды бітістірумен аяқталу көзделеді. Ол өз кезегінде республика бойынша ажырасу дерегі ең көп тіркелген Маңғыстау облысында отбасын сақтап қалуға ықпал етеді деп күтілуде. Аталған соттың пилоттық жобаны енгізу үшін техникалық және материалдық мүмкіндіктері, судьялардың дайындығы сараланды.

         Жиын барысында Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Анар Толықбаеваотбасы және бала тәрбиесіне қатысты дауларды бітімгершілікпен шешу туралы кеңірек әрі нақты айтып өтті. Ол қоғамда дауласу деңгейін төмендету үшін отбасылық дауларды татуласу рәсімдерін қолдану арқылы реттеуде сотқа дейінгі органдардың маңызын айта келе, оларды белсенділік танытуға шақырды.

Аталған іс-шара қорытындысы бойынша «Отбасылық сот» пилоттық жобасын қыркүйек айынан бастап іске қосу және оған әр саладан жауапты өкілдерді бекіту туралы шешім қабылданды.

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.