Әкімшілік іс смарт-технология арқылы қаралды
«SMART суд» пилоттық жобасы Қазақстандағы сот жүйесінің дамыту бойынша 7 басым бағыттарының бірі ретінде іске қосылды. Бұл жоба дауласушы тараптарға сот процесіне бейнебайланыс арқылы тікелей қосылуға және сотқа тиісті түсініктеме беруге мүмкіндік береді. Ол үшін смартфонға «TrueConf» қосымшасын жүктеу жеткілікті.
Осылайша, Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 132-бабының 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Істің мәні бойынша, құқық бұзушы ойын-сауық орталығының иесі бола тұра, кәмелетке толмаған тұлғаның түнгі уақытта заңды өкілісіз аталған орталықта болуына жол берген.
Сотқа қатысушы Ақтөбе қаласында болуына байланысты аудандық сотқа келуге мүмкіндігі болмағандықтан, заманауи технологиялардың көмегін пайдаланып, сот отырысына онлайн режимде қатысты.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін көрсетті.
Соттың қаулысымен құқық бұзушыға 26 512 теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Виртуалды сот отырыстары аумақтық кедергілерді жойып, уақыт пен материалдық ресурстарды үнемдеуге және іс бойынша тараптарға тиімді қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Мұғалжар аудандық соты
[xfvalue_img]
9 пікір