Жекелеген тергеу әрекеттерін санкциялаудың сот практикасы талқыланды
Астана қалалық сотында «Жекелеген тергеу әрекеттерін санкциялау жөніндегі сот практикасының мәселелері: алу және мүлікке тыйым салу», «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында жиналған дәлелдемелердің қатыстылығы, жарамдылығы мен жеткіліктілігі және олардың қылмыстық істі мәні бойынша шешу үшін маңызы» деген тақырыпта семинар-кеңес болып өтті.
Іс-шараға елорданың қылмыстық юрисдикция соттарының судьялары, прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының, полицияның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, адвокаттар қатысты.
Іс-шара модераторы - Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Е. Есымова іс бойынша сотқа дейін, сондай-ақ сотта іс жүргізу барысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Алма Есымова семинарға қатысушылардың назарын алуды және мүлікке тыйым салуды санкциялаудың, сондай-ақ дәлелдемелерді бағалаудың проблемалық мәселелеріне аударды. Осы орайда ол дәлелдемелерді жинау, бекіту кезінде заңдылықты сақтау әділ шешім шығарудың кепілі екенін атап көрсетті.
Адвокат Х.К. Айтқалиева анықтаудың және үшінші тұлғалардың мүлкіне тыйым салуды санкциялаудың кейбір мәселелерін қозғады.
Іс-шараға қатысушылар талқыланып отырған тақырыптар бойынша сындарлы пікір алмасты. Кездесуге қатысушылар көтеріліп отырған проблемалық мәселелерді шешу бойынша бірқатар нақтылы ұсыныстарын білдірді. Іс-шараның қорытындысы бойынша осы ұсыныстар қабылданды.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]